Шәмші Қалдаяқов туралы фильм түсіріліп жатыр
30.09.2016, 13:45

Шәмші Қалдаяқов туралы фильм түсіріліп жатыр

 Шәмші Қалдаяқовқа арналған 4 бөлімнен тұратын көркем фильм түсірілуде, деп хабарлайды baq.kz.

 Астана қаласы Kinopark кинотеатр желісінде қоғам, мәдениет және саяси қайраткерлер, сонымен қатар журналистер мен блогерлердің қатысуымен телеэпопеяның алдын ала көрсетілімі болды.

Фильмнің тұсаукесерінде сөз алған Ринат Думанұлы «Хабар» арнасының соңғы бірнеше жылдың көлемінде қазақ тарихындағы ерекше орны бар тұлғалар тағдырына арнап биографиялық-көркем фильмдер жасағанын айтты.

«Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында біз «Ақылдың кілті. Өмірдастанмен» ғана шектелмейміз. Өздеріңіз білесіздер, «Хабар» арнасы соңғы бірнеше жылдың көлемінде Бауыржан Момышұлы, Күләш Байсейітова, Нұрғиса Тілендиев, т.б. қатарлы дара тұлғаларымызға арнап биографиялық жобаларды жүзеге асырды. Енді осы жолды жалғастырып, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шәмші Қалдаяқовқа арналған 4 бөлімнен тұратын көркем фильмнің тұсауын кеспекшіміз» - дейді Ринат Думанұлы.

Оның айтуына қарағанда бұл жоба алдағы жылы да жалғасын табатын болады. Ол кезде телеарна Мұқағали Мақатаев пен Қажымұқан Мұңайтпасов туралы биографиялық фильмдерді жарыққа шығаратын болады.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер