«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
03.04.2018, 13:22

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды 2017 жыл. Дарын премиясының лауреаттары

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау  жариялайды. Құжаттар 2018 жылдың                                1 тамызына дейін қабылданады деп хабарлайды silteme.kz AA

 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жыл сайын ұсынылады.

Байқау -  эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы, әдебиет, театр және кино, журналистика және қоғамдық қызмет, спорт, дизайн және бейнелеу өнері, ғылым  номинациялары бойынша өтеді.  

Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар  мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен  Қазақстан Республикасының  29 жасқа дейінгі азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалардың өкілдері жүргiзедi.

Барлық жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «2017 жылғы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, және олар  дипломмен, төсбелгілермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Толық ақпаратты ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми сайтынан алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Дарын» жастар  сыйлығы Мемлекет басшысының бастамасымен 1992 жылы тағайындалған болатын.  Әр жылдары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Денис Тен, Димаш Құдайбергенов, Мария Мудряк, «Муз АРТ» тобы, Қалқаман Сарин және басқада азаматтар аталған сыйлықты иеленген болатын. 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасы бойынша «Дарын» сыйлығы  жыл сайын табысталуда.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер