Бесікке салудан бас тарттым!
03.04.2018, 09:48

Бесікке салудан бас тарттым!

Бесікке салудан бас тарттым! Бесікке салу

“Бір баланың тұсауын қырық мыңға кесетін “Тұсаукесер центрі” ашылыпты. Не деген дарақылық? Баланың туған-туыстары кеспей ме?

Білесің бе “атақ” деген көшпелі нәрсе. Атақты қазіргі заманда сатып та алып жатыр. Сұрап та алып жатыр. Құдай абырой бермесе оның барлығы бекер.

Қарапайым мысал айтайын:

Талдықорғанға шақырған күндіз кездесулерде болып, кешке жақын ауызашарға шақырды. Мешітке бардық. Адам көп екен. Айнала стөл тұр, ортада жасаулы бесік тұр. Дəстүрді спектакль сияқты қылып көрсетеді өздерінің əдеттері. Кішкентай бөпені елдің алдына алып келіп бесікке салу керек екен. Алғашқы немерелері. Оны өз үйінде, жақындарының ішінде істеуі керек қой.

Жүргізуші мені мақтап-мақтап келіп, баланы бесікке салуды маған өтінді. Бесікке салудың жөн-жобасын түсіндіріп, маған жол бергендеріне рақмет айттым да бесікке салудан бас тарттым. Бас тарту себебім: “Мен өмірімде бір-ақ рет бесік таяндым. Бір баланың ғана бетіне қарап қалған адаммын. Жалғыздың шығар-шықпас жаны бар дейді. Мына келіннің тұңғышы екен. Маған тартпасын. Мына топтың ішінде көп балалы аналар болса сол кісілер салсын! – дедім. Барлығы дүрлігіп кетті.

Немере, шөбере сүйіп отырған, бес биенің сабасындай он үш балалы болған үлкен кісі бар екен. Сол кісіге баланы бесікке салғыздық. Ал сол жерде олар менің атағыма ғана қызығып отыр. Ар жағын ойлап отырған жоқ. Үндемей-түндемей анау алтын сақинасын салып, шапанын киіп, сыйлықтарын алып тымпиып кетуіме болар еді. Бірақ ол менің принципіме, дәстүрге, құдайға сенетін адамға ол мүлде келмес еді.”

(Зейнеп Ахметова)

Сұқбат:  Балжан Ақылбек

Дереккөз: elana.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер