– Биыл ел болып Алашорданың 100 жылдығын атап өттік. Қазақ әліпбиінің латын графикасына өтуі жөніндегі аса маңызды шешім қабылдадық. Латын қарпіне көшудің терең тарихи қисыны бар. Бұл – ата-баба арманының орындалуы ғана емес, келер ұрпақты болашаққа бастайтын жол, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қатысушылардың бәрін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, саяси тұрақтылық, қоғам мен халқымыздың бірлігі үшін жүргізіліп жатқан саясатқа толық қолдау көрсету еліміздің табысты болуының басты кепілі екенін атап өтті.
– Барлық бастамаларымды іске асыруға күш берген сенімдеріңіз үшін, шынайы қолдауларыңыз бен жанкешті күш-жігерлеріңіз үшін барша қазақстандықтарға алғыс айтамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.