Тояна беру-алуға да мәдениет керек
11.12.2017, 23:02

Тояна беру-алуға да мәдениет керек

Жаңылыспасам, бұрын тойға ешкім ақша апармайтын еді ғой. Ес білгеннен көргенім, әке-шешеміз алыс не жақын жер болсын, тойға мал жетектеп кете беретін. Үйлену тойларына біздің - кластас, группаластардың бәрінің жиналып апаратын сыйлығы шай сервисі не сувенирден аспайтын.

Ақша апару бертінде шықты ғой. Қазір сондай ыдыс-аяқ апаршы, не болар екен?! Қазір жасы да, кәрісі де той үстінде конвертті той иесіне тықпалап, екіншісі оны сөмкеге тықпыштап жатқаны. Әй, негізі, базар-дүкендердегі конверттердің саудасын осы қазақтар жүргізіп тұр. Конверт алып үлгермесек стол үстіндегі салфеткаға-ақ жазып бере салатынымыз тағы бар. Ол той иесінің қалтасына не сөмкесіне түскенде сыпырылып түсіп, аналар оны кім бергенін білмей дал болып жататыны да жасырын емес.
Өзбек ағайындардың тойына да барып тұрамын ғой. Ұнайтыны - олардың тоянаны беру мәдениеті. Кіре берісте бір-екі адам отырып, кірген адамдар аты-жөндерін, қанша әкелгенін дәптерге жазғызып, әрі қарай дастарқанға өте береді. 
Ал, бізде ортаға бірден 30-40 адамды шығарып, оның ішінде екеуі ғана сөйлеп, қалғанымыз тек тояна беру үшін ғана тұрамыз. Содан той иесіне сый-сияпатымызды беру үшін топырлап тағы кезекке тұрамыз. Одан бәріміз топырлап суретке түсеміз. Опыр да топыр осындай. Егер беретінімізді кіре берісте дәптерге жазғызып, беріп кетсек, әрі асабаның миын ашытпаймыз, әрі уақыттан ұтар едік. солай емес пе?!

Гүлжамал Мұсаеваның фэйсбук парақшасынан

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер