Кіндік кесер
Ел ішінде “кіндік шешесі” немесе нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын тұрады. Кейде олардың “жол менікі” деп таласатын кездері де болады. Кіндік кесу — мәртебелі, абыройлы іс. Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге “кіндік кесер” кәдесі беріледі. Бұл да жолы бөлек кәде. Кейін де “кіндік шеше” деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болады. Кіндік баласын оның өз анасынан кем санамауы керек.
“Кіндік шеше” кейін келіп бала үйінен өз қалауын да ала алады. Баланың кіндігі түскеннен кейін де жасалатын халықтық ырымдар көп. “Елдің қорғаны болсын” деп ер баланың кіндігін атшаптырым жерге апарып көмеді.
“Қыз отбасының тірегі болсын” деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді.
Кіндік кесер
У казахского народа есть понятие “кіндік шеше”. При рождении ребенка женщины стоят наготове, чтобы перерезать пуповину появившемуся на свет ребенку. Частенько по этому поводу возникают споры среди желающих. Право разрезать пуповину ребенку “Кіндік кесу” достается уважаемой женщине или мудрой бабушке, после чего женщине вручают подарок “кіндік кесер”. В дальнейшем ее называют “кіндік шеше” (шеше-мать), и также считают матерью ребенка. “Кіндік шеше” может прийти в дом, где растет ребенок, попросить любую вещь, и ей не отказывают.
Kindik keser
The Kazakh folk has a nation “kindik sheshe”. When the child is born, women are standing ready to cut the newly born baby’s navel-string. Often they argue who should do it. The right to make “kindik kesu” (to cut the baby`s navel-string) is given to a respected woman or a wise grandma, and after that the woman receives her traditional present “kindik keser”. Further on she is called “kindik sheshe” (sheshe means mother) and she is also regarded as this child’s mother. Afterwards “kindik sheshe” may come to the house where the child is growing up and ask for anything, and she`ll never be refused.