Енді әрбір сыныпта Wi-Fi болады – Ерлан Сағадиев
28.02.2017, 12:13

Енді әрбір сыныпта Wi-Fi болады – Ерлан Сағадиев

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектептегі әрбір сыныпта Wi-Fi болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

 «Еліміздің мектептеріндегі интернетті орталықтандыру керек. Сондай-ақ барлық сыныпқа Wi-Fi қондыру қажет. Бұл өте маңызды. Мұндай аппарат орнату аса қымбат емес. Қазіргі кезде 7 000 мектепте интернет орнатылған. Соның ішінде жылдамдығы 4 Мб/с асатын интернет тек 2000 мектепте ғана бар», - деді Ерлан Сағадиев.

Министр сондай-ақ балаларға арналған жаңа деңгейлі цифрлық білім ресурстарын дамыту қажеттігі туралы айтып өтті.

«ЦБР – бейне және интернактивті сабақтар. Еліміздегі мыңнан астам мектеп, олардың ішінде Назарбаев зияткерлік мектептері «BilimMediaGroup» компаниясы ұсынған ресурстарды 2014 жылдан бастап қолданып келеді. Биылғы жылы 11 мыңнан астам «үштік» - компьютер, процессор және экраннан тұратын жинақтар алынбақ. Ең алдымен ауыл мектептері және интернетке қосылу мүмкіндіктері жоқ білім ошақтары жабдықталады», - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, былтыр осындай 7 300 комплект алынса, 2018 жылы 12 мың жинақ сатып алынады.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер