Мотоцикл жүргізуге де куәлік керек
06.08.2016, 18:08

Мотоцикл жүргізуге де куәлік керек

Таяуда ғана қаламызда өткен мотошерудің ашылу маусымы жайсыз оқиғамен басталды. Таңғы сағат тоғыздарда  Шымкенттік сыра зауытынан белгіленген маршрут бойынша автобақылау қызметкерлерімен бірге 200 мотоциклші жүрген. Алайда, алғашқы жол қиылысынан-ақ жол көлік оқиғасы орын алады.

Куәгерлердің айтуынша, қарсы бағыттан жеңіл көлік жоғарғы жылдамдықпен мотоциклшілердің біреуін қаққан. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, жарақаттанған мотоциклшіні ауруханаға жеткізеді. Жеңіл көлік жүргізушісі жарақаттанбаған.
Қазір жастарымыз жүруге мүмкіндігі бар барлық көліктерді мініп жүр. Солар  кейбір жолапаттарына себепші болып жатыр. 2013 жылы қабылданған заң бойынша, біздің елде 16 жасқа толған жеткіншектерге көшеде көлік жүргізулеріне рұқсат етілген. Алайда, рұқсат тек қана мотоцикл, квадроцикл, мопед сияқты жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан асатын көлік құралдарына ғана берілген. Және олардың барлығы тіркеуге алынған. Бұл көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
жүргізуші куәлігін алу үшін толтырылған бланк;
жеке куәлік;
мекенжай анықтамасы;
медициналық анықтама және оның көшірмесі;
курсты тәмамдаған туралы куәлік және оның көшірмесі;
мемлекеттік бажды төлеген туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленгенді қоспағанда);
жүргізуші карточкасы;
теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру нәтижелерімен емтихан парақтары;
Сыртқы істер Министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жасайтын ұйымнан форма бойынша жолдама (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін);

 

Жанерке ХУМАР

© toqtama.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер