Студенттермен сырлы сұхбат
21.10.2019, 17:21

Студенттермен сырлы сұхбат

Бүгін С.Сейфулин атындағы ҚазАТУ-дың белсенді студенттері «БОЛАШАҚҚА ЖАҢА СЕРПІНМЕН» тақырыбы аясында университет ректоры Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевпен кездесті.

Кездесу барысында жастар ректорға өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды. Былайша айтқанда, ашық әнгіме түрінде өткен кездесу студенттердің көңілінен шықты.

Кездесуге келген белсенді жастардың бірі университетке арнап өлең оқыса, енді бірі жүрекжарды тілектерін жеткізді. Жүздерінде жаңашылдықтың белгісі бар, білімге құштар ізденушілермен әнгімелесудің әсерлі болғандығы сонша, ректор Ақылбеқ Қажығұлұлы да өзінің жастық шағынан әдемі естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, жастарға өзінің өмірлік тәжірибесінен түйген ақыл-кеңесін айтып, әкелік, ұстаздық ілтипатын білдірді.

Жастар бүгінгі заманда бәсекеге қабілетті болудың сыры мен білікті маман болудың келешектегі мүмкіндіктері туралы да біршама ақпарат алды.

Өз кезегінде, ректор жиналған жастарға шетелге еліктеп қана өмір сүрудің қажеті жоқтығын, керісінше, кез келген бастамалардың қазақстандық үлгісін қалыптастыру керектігі туралы да егжей-тегжейлі баяндап берді. Студенттердің сауалына сай өзге елдерде білім алудың жолдары мен талаптары, ғылыммен айналысудың мүмкіндіктері туралы да емен-жарқын әнгіме өрбіді.

 

 

 

Жалпы айтқанда, жастарға білімді, ақылды, саналы болу керектігі туралы тереңнен толғаған ректордың сөзіне ұйып, ықыласпен тыңдаған жастар кеш соңында сүйікті ректорларын ортаға алып естелік суретке түсті.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер