«Алтын белгі» иегерлеріне гранттарды бөлу кезінде қандай басымдық беріледі
14.03.2018ж.

«Алтын белгі» иегерлеріне гранттарды бөлу кезінде қандай басымдық беріледі

«Алтын белгі» иегерлеріне гранттарды бөлу кезінде қандай басымдық беріледі khabar.kz

Оқу грантын алуда «Алтын белгі» иегері тек бір ғана басымдыққа ие болады. Бұл туралы Мәжілісте тілшілерге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды silteme.kz АА ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі заң жобасында қарастырылған мәселе «Алтын белгі» иегерлеріне қатысты. Өздеріңіз білесіздер, бұл мәселе көптен бері талқыланды. Өткен жылдарда «Алтын белгі» иегерлері грантты алғанда, оның толық басымдылыққа ие еді. Алған ұпайына қарамастан, оларда гранттың иегері атануға мүмкіндіктері болды. Өткен жылы ҰБТ-ның жаңа форматын енгіздік. Осыған сәйкес, аттестатты алу мектеп қабырғасында өтеді, сонымен қатар «Алтын белгіні» де мектеп өзі береді. Яғни, бұл шаралар мектепте тапсырылған емтиханға байланысты. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу бүгінде жаңа функцияға ие. ҰБТ тек қана жоғары оқу орнына түсу үшін жүзеге асырылады. Түлек ЖОО-ға ҰБТ-ны тапсырғанда оның «Алтын белгісі» қолында болады. Енді биылғы ұсыныс аясында «Алтын белгі» иегерлері балл ұпайлары тең болған жағдайда ғана басымдық беріледі», - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Осы орайда екі түлек бір мамандыққа бірдей ұпаймен барса, ол кезде грант бойынша басымдық «Алтын белгі» иегеріне беріледі.

Айта кетейік, Мәжілісте өткен жұмыс тобының отырысында осы бағыттағы ұсынысқа депутаттар қолдау жасады.

Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің сөзіне қарағанда, бұған дейін бұл ұсыныс мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан пысықталды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер