31 желтоқсан күні ЭКСПО мұз қалашығында эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді
30.12.2017, 17:18

31 желтоқсан күні ЭКСПО мұз қалашығында эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді

31 желтоқсан күні ЭКСПО мұз қалашығында эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді Фото: Елорда Инфо

Биыл 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 03:00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздары ЭКСПО мұз қалашығында, сондай-ақ қалалық әкімдіктің жанындағы алаңда ашық аспан астында елордалықтарға көңіл күй сыйлайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Көпшілікке Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтер, Дос, Күләйым Қайырбаева, Альбина Оганесян, «АРТ Домбыра» триосы шоу-бағдарлама мен концерт әзірледі.

Сондай-ақ, «Қызыл өрік» және «Мария Магдалена» хиттерін орындаушылар – Ақылбек Жеменей мен Асхат Тарғынов та жаңажылдық түнді елорда тұрғындарымен және қонақтарымен өткізеді.

Жаңа жыл түні шараға қатысушылар мерекелік отшашу тамашалайды. 2018 жылды қарсы алуға орайластырылған салют елорданың үш ауданында атылады. Отшашу ЭКСПО аумағы, Есілдің жағалауы және Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының бойында өтеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер