8 желтоқсан күні ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай жастар акциясы өтеді
07.12.2017, 20:06

8 желтоқсан күні ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай жастар акциясы өтеді

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Астана қаласының жастар мәслихаты» қоғамдық бірлестігі «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жастар акциясын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды silteme.kz.

Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге, рухани, мәдени дамуы мен олардың ұлттық санасезімінің қалыптасуына бағытталған іс-шара Астана қаласының 14 жоғары, 35 орта арнаулы оқу орындарының студенттері және
84 жалпы білім беру мекемелері оқушыларының қатысуымен  өтеді.

Сонымен қатар іс-шараға Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысып, қала тұрғындары, қонақтары мен жастарын мерекемен құттықтайды.  Көрермендерді өз өнерімен Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен шығармашылық топтары қуантатын болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер