Технологиялық жаңғырту қалай жүруде?
02.03.2017, 15:27

Технологиялық жаңғырту қалай жүруде?

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында елімізде экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы бойынша бірқатар тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Ауыл шаруашылығы министрлігінде қолға алынып жатқан жұмыстар жайында газетіміздің қойған сауалына министрліктің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Әбдіманап жауап береді:

– Президент Үкіметке «Цифрлық Қа­зақ­стан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Аталған бағдарлама 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық сервис секілді жаңа перспективалы салаларды дамытуға мүмкіндік береді. Аталған индустрияларды дамыту экономика құрылымын түбегейлі өзгертуге, дәстүрлі салаларды, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді жаңа сапаға көтеруге ықпал етеді. Мұны экономиканы ынталандыру үшін жаңа технологиялардың маңызын түсінген және оларды белсенді енгізіп отырған көптеген дамыған елдердің тәжірибесі растайды. 
Агроөнеркәсіптік кешенде де цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Ол субсидияларды автоматтандыру процесіне енгізіледі. Бүгінгі күні субсидиялардың 17 бағытының екеуі – асыл тұқымды мал шаруашылығы, тыңайтқыштар) бойынша ғана өтінім Электрондық үкімет порталы арқылы беріледі. 
Ағымдағы жылы үш бағыт  – пайыздық мөл­шерлеме, тыңайтқыштар, гербицидтер бой­ынша толық автоматтандыру іске асырылады. Келесі жылы барлық субсидияларды беру процесін автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл өтінімдерді қарау мерзімін орташа есеппен 2,5 есеге – 18 күннен 7 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл субсидия беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. 
Біз субсидиялармен қатар кредиттерді қарау және беру процесін автоматтандыруға болатынын көріп отырмыз. Биыл «ҚазАгроға» кредит және лизинг алуға өтінімді электронды түрде беру іске асырылмақ, бұл өтінімнің уақытылы қаралуын (25 күн) бақылауға және кредиттердің өтелуіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар, 2018 жылға қарай ветери­нариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік бойынша ілеспе және рұқсат беру құжаттарын қарауды толық автоматтандыру жоспарланып отыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер