Жапондар күйзелісті жөргекпен емдейді
06.02.2017, 10:49

Жапондар күйзелісті жөргекпен емдейді

Жапондар күзелістен арылудың жаңа тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды centralasian.org.

 Отонамаки деп аталатын бұл әдіс жапонша жөргекке бөлеу дегенді білдіреді. Күйзелістен арылғысы келген адамдарды үлкен жөргекке бөлейді.

Жаңа әдісті жақтаушылар бұл тәсілмен күйзелістен арылуға болатынын айтады. Адамның бұлшық еттері мен сүйектері босап, шаршағаны басылады. "Емдеу шарасын қабылдаған соң, шаршағанымыз басылды. Біз жөргекке оралған баланың неге тыныш ұйықтайтынын түсіндік. Бұл әдістің жаңа туған аналарға көмегі көп, өйткені олардың белі мен иығы ауырады", - деді осы тәсілді қолданушылардың бірі.

Жас аналарға көмек ұйымдастырушы токиолық ұйым жаңа тәсілді қолданып көргісі келгендерге жаттығу өткізді. Мамандар жас аналарға бір бірін жөргекке орауды үйретті. Ол үшін жатырдағы нәресте сияқты арқалап жату керек. Матаны адамға айналдыра орайды. Оны жәймен тербейді. Бұл бұлшық еттің босауына көмектеседі.

Дегенмен кейбір медициналық қызметкерлер бұл әдістің пайдасы барына сенбейді. "Астмасы барларды осылай ораса, олар жеңіл тыныстайды. Бірақ оның емдік пайдасы жоқ", - дейді дәрігерлердің бірі. Бұған қоса дәрігерлер жаңа тәсілді арқасы ауыратындарға жасап көрудің қажеті жоқтығын ескертеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер