Мәжiлiс депутаттары ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Baq.kz.
Мәжiлiс терроризмге қарсы заңға енгізілген өзгерiстердi мақұлдады
Заң жобасы жалпы экстремизм мен терроризмге қатысы бар азаматтар үшiн жазаны күшейтедi.
«Заңды қабылдау мемлекет азаматтарының террористiк және экстремистiк қауiптерден қорғалу деңгейiн арттыруға мүмкiндiк бередi», - дедi М.Қалқабаев.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ