Павлодардың медициналық ұйымдарына 31 млн теңгеге айыппұл салынды
31.05.2019ж.

Павлодардың медициналық ұйымдарына 31 млн теңгеге айыппұл салынды

Тұрғындарға медициналық қызмет көрсету кезінде 8 мыңнан астам кемшілік анықталған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар облыстық филиалы 2019 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген мониторингтің қорытындысын шығарды. Мониторинг қорытындысына сәйкес, облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету кезінде 8 мыңнан астам кемшілік анықталған. Сол үшін облыстың медициналық ұйымдарына 31 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Қор филиалының медициналық қызметтер сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Алмагүл Ахметжанованың айтуынша, медициналық ұйымдар емдеу-диагностика шараларының стандарттарын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру, медициналық қызмет ақысын негізсіз қымбаттату, қызметті нақты көрсету фактісінің расталмауы секілді кемшіліктерге жол берген.

Еске сала кетейік, биыл Павлодар облысында 66 медициналық ұйым тегін медициналық көмек көрсетеді. Оның 28-і – жекеменшік. Өткен жылмен салыстырғанда тапсырыс алған жеткізуші ұйымдар арасында жеке меншік клиникалар саны 5 ұйымға артқан.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер