Жапонияда 6 мыңнан аса адамды улаған секта мүшелеріне жаза кесілді
16.03.2018, 16:28

Жапонияда 6 мыңнан аса адамды улаған секта мүшелеріне жаза кесілді

Жапонияда «Аум Синрикё» экстремистік сектаның көсемдері мен мүшелері, Токио қаласында жазаланатын болады, деп abctv.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Kyodo жапон ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, күншығыс елінде өлім жазасына кесілгендерге арналған жеті түрме бар. Талай адамның обалына қалған жапондық лаңкестер осы түрмелердің біріне ауыстырылып, өлім жазасы орындалады.

Ең ауыр жазаның орындалуын күншығыс елінің әділет министрлігі жүзеге асырады әрі қадағалайтын болады.

Еске сала кетсек, «Аум Синрикё» сектасының Сёка Асахара есімді 63 жастағы көсемі ақырзаманың таяғанын, зұлымдық пен мейірімділіктің айқасының аяқталатынын мәлімдеген болатын. 1995 жылы аталмыш секта мүшелері Токиодағы бес пойызға адамды сал қылып тастайтын химиялық зат сеуіп, нәтижесінде 6,3 мың адам уланып, 13 адам көз жұмған еді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер