Қарағанды көшелерінде анайы видео көрсеткендер түрмеге жабылуы мүмкін
11.12.2017, 13:05

Қарағанды көшелерінде анайы видео көрсеткендер түрмеге жабылуы мүмкін

Қаладағы үлкен мониторлар трансляциясын бұзып, әлеуметтік роликтердің орнына порно-фильм қойған әзірге тұлғасы белгісіз адамдарға қатысты қылмыстық іс тексерілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Қылмыстық кодекстің 311-бабына («Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату») сәйкес сотқа дейінгі іс өндірісі жүріп жатыр. Құқықбұзушыға 2 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін», - дейді Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Қазір полиция мониторлардың жұмыс процесін және олардың заңсыз қосылулардан қорғалу деңгейін тексеріп жатыр.

Еске сала кетсек, оқыс оқиға 10 желтоқсан күні кешкісін болған. Қала жастары әкімдік жанындағы «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» аялдамасында көрсетіліп жатқан видеоны ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастырған. Бұдан кейін Қарағанды қаласының әкімдігі барлық көшедегі мониторларды дереу сөндірді. Қарағанды әкімдігі бұл жағдайды хакерлік шабуылдың салдары деп атады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер