Аяусыз төбелескен жасөспірімдер қылығы үшін ата-аналары жазаға тартылмақ
08.12.2017, 11:52

Аяусыз төбелескен жасөспірімдер қылығы үшін ата-аналары жазаға тартылмақ

КТК арнасы жұртты шошытқан Атыраудағы оқушылардың жаппай төбелесі туралы хабар жасады, деп хабарлайды silteme.kz.

Ақпарат көзінің дерегінше, Атырауда полицейлер ата-аналарды жазаға тартпақшы. Осылайша, екі тарапқа бөлініп, бір-бірін аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдердің қылығы үшін енді ересектер жауап береді.

Оқиға қаладағы «Вокзал маңы» ықшамауданында болған.

Куәгерлердің айтуынша, әуелі сөзге келіп қалған бір мектептің оқушылары көпке созбай, бірден іске көшіп, жаппай төбелесіп кеткен. Олар тек өз жөндеріне кетіп бара жатқан қала тұрғындары араласқан соң жан-жаққа қаша жөнеліпті.

Оқушылардың не себепті жаға жыртысқаны әзірге белгісіз. Белгілісі - зардап шеккендер жоқ. Ал төбелестің қақ ортасында жүрген 6 тентекпен және олардың ата-аналарымен полицейлер сөйлесіп жатыр. Яғни әке-шешелері «бұзақылық» бабы бойынша жақын күндері сот алдында жауап бермек.

- Барлық балалардың жеке бастары анықталып, олардың ата-аналарға  балалары кәмелет жасына толмағаннан кейін, олар 9 сынып оқушылары, ата-аналарына ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 435-бабы 1-бөлігі негізінде хаттама толтырылды, деп атап өткен Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер