Дөнер сатушы қала әкімін өлімнен арашалап қалды
04.12.2017, 08:30

Дөнер сатушы қала әкімін өлімнен арашалап қалды

Германияның Алтена қаласының әкімі Андреас Холстейнді тамағынан бауыздап өлтірмек болған қылмыскерге дөнер сатушы Абдуллах пен оның ұлы Ахмет Демир тосқауыл болып, қылмыскерді полиция қызметкерлерінің қолына тапсырды, деп хабарлайды silteme.kz.

Түріктің sabah.com.tr порталындағы деректерге қарағанда, түркиялық жиырма жеті жастағы Ахмет Демир қала әкіміне шабуыл жасаушы қылмыскерге кедергі болып, қала әкімі жеңіл жарақат алып, бір өлімнен аман қалған. Болған оқиғадан кейін әкім берген сұхбатында аталған әкелі-балалы азаматтар болмағанда қазір бұлай отырмайтынын жеткізген.

Ахмет Демир қала әкімін бұрыннан танитындарын және дүкенге жиі келетінін айтады. Әдеттегідей аптаның дүйсенбісі әкім кешкі сағат сегіз шамасында дүкенге келіп, дөнерге тапсырыс берген. Олар әңгімелесіп жатқанда таныс емес жасы елулер шамасындағы ұзын бойлы ер адам келіп әкімнен оның қала әкімі екендігін сұраған және растаған жауабын алған бойда пышағын шығарып, тамағынан кеспек болған. Ахмет Демир дереу көмекке жүгірген бойда пышақты тартып алып, әкімді қылмыскердің шабуылынан арашалап қалған. Полиция қызметкерлерін шақырып, қылмыскерді олардың қолына табыстаған.

Оқиға орын алғаннан кейін Германия канцлері Ангела Меркель қала әкіміне көңіл сұрау хатын жолдаған. Германия Ішкі істер министрі Херберт Реул дүкеннің қожайындарына алғысын білдірген.

Түрікшеден аударған Ерболат Мамырайхан

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер