Показать содержимое по тегу: Дональд Трамп
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті, деп хабарлайды silteme.kz ақпарат агенттігі akorda.kz порталына сілтеме жасап.
Алқа мүшесінің 270 жуығы Трампқа дауыс берді. Бұл жеңіске жету үшін берілетін ең аз көрсеткіш. Техас штаты сайлаушыларының даусы Дональд Трамптың жеңіске жетуіне көмектесті. Барлығы 38 сайлаушы, оның 36 өз даусын Трампқа берген. Тағы екеуі Республикалық партияның басқа мүшелеріне дауыс берді. Трампты алғаш жеңісімен құттықтаған – АҚШ вице-президенті Майк Пенс. Ол «Твиттерде» Трамптың ресми түрде АҚШ президенті болғанын жазды. Сайлаушылардың дауыс беруі Дональд Трамптың президенттік сайлауда жеңіске жеткеніне қарсылық білдіру жағдайында өтті. Трамптың қарсыластары сайлаушыларды басқа үміткерге дауыс беруге шақырды. Жалпы сайлаушылар алқасында - 538 дауыс. Әр штатта халықтың санына қарай сайлаушылар дауыс береді. Трамп 8 қарашада көптеген ірі штаттарда жеңіске жеткен. Демократиялық партияның көшбасшысы Хиллари Клинтон сайлаушылардың дауыс беруінен кейін өзінің жеңіліс тапқанын мойындады. Оған сайлаушылардың көбі дауыс берген.
НАТО басшысы Д.Трампқа қарсы ескерту жасады,-деп хабарлайды bbc.com
АҚШ-та сайлау додасы жақындаған сайын президенттікке кандидат Дональд Трамп пен Хиллари Клинтон арасында бәсекелестік қыза түсуде.
Сарапшылардың айтуына қарағанда, Клинтоннан гөрі жұртшылықты Трамптың көзқарасы көбірек қызықтыратын сияқты. АҚШ демократтары Трамптың билік басына келуіне қарсы. Мұның көптеген себептері бар. Республикалық партияның атынан додаға түсіп отырған Трамп ең алдымен АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты жақсартпақ. Сонымен қатар, НАТО ұйымын қайта құру туралы пікірі де америкашыл елдерге ұнап отырған жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын ол елге ағылып келіп жатқан мигранттарды шекарадан кері қайтару туралы ой айтқан. Сайлау жақындағанда бастапқы пікірінен айнып, елге заңсыз келген мигранттарға азаматтық берудің қажеті жоқ деп отыр. «Босқындарды Америка керек етпейді». АҚШ-тың өзі босқындар мен сырттан келген келімсектерден құралғанын ескерсек, Трамптың сөзі оларға түрпідей тиетіне анық. Бұл ғана емес, күніне мың құбылатын Трамп енді сотталған шетел азаматтарын АҚШ-тан қуып, отанына қайтару идеясын ұсынып жүр.
Бұдан шығатын қорытынды не? Бір пікірін алуан түрлі етіп айта беретін Дональд Трамп 8 қарашада өтетін президенттік сайлауда қатарласынан оқ бойы озып шыға ала ма? Бірақ көптеген сарапшылар әпербақандау Трамптың қазіргі әрекеті ешқандай жеңіс әкелмейді деп отыр. Уақыт көрсетер. Дегенмен, АҚШ тарихында АҚ үйдің басшылығына президент әйелдің келмегенін ескерсек, Хиллари Клинтонның мемлекет басқаруға толық мүмкіндігі туып тұр.