Астанада шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті
26.10.2016, 17:44

Астанада шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті

  1. Бүгін, 2016 жылдың 26 қазанында Астана қаласы әкімдігінің алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған«Қазақстанның әр азаматының борышы – ел қорғау!» атты салтанатты акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш акция аясында Қарулы Күштер қатарына мерзімді қызмет өткеру үшін шақырылған 72 бозбаланы шығарып салу рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Silteme.kz. 

    Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуға оқу орындарының (мектептердің, колледждер мен лицейлердің) оқушылары, әскери-патриоттық клубтар мен үйірмелердің тәрбиеленушілері, шақырылушылардың ата-аналары мен қала жастары шақырылды. Салтанатты іс-шараға 4 000-нан аса адам қатысты.

    Қонақтардың назарына құрмет қарауылы ротасының дефилесі, сондай-ақ, концерттік бағдарлама көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

     Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуының күзгі шақырылымы Қазақстанда 1 қазанда бастау алғанын естеріңізге сала кетейік.2016 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 1989-1998 жылы туылған азаматтар шақырылатын болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер