Будапештегі жарылыстың мақсаты анықталды
26.09.2016, 10:49

Будапештегі жарылыстың мақсаты анықталды

Өткен түнде Будапешт орталығында болған жарылыстың мақсаты анықталды деп хабарлайды bnews.kz.

Қаскөйлер венгер полициясының қызметкерлерін өлтірмек болған. Бұл туралы Будапеште өткен баспасөз конференциясында полиция комиссариатының басшысы Кароль Папп мәлімдеді. «Біз тапқан айғақтар олардың полицейлерді жарғысы келгенін дәлелдеп берді», - деді ол. Оның айтуынша, қаскөйлер Венгрияның барлық полициясын жарып, қызметкерлерді өлтіруді көздеген. Зардап шеккен екі қызметкердің жағдайы тұрақты, деп жазады ТАСС. Қала билігі қылмыскерлерді ұстауға көмектесетін кез келген ақпарат үшін 10 млн форинт (32,7 мың еуро) сыйақы беретіндігін жариялады.

MTI агенттігінің ақпаратына сәйкес, ер адамның жарылысқа дейін ғимарат терезесінің алдына қара сөмке қалдырып кеткені бейнебақылау камераларына жазылыпты. Құқық қорғау органдары күдіктіні іздестіруде. Бүгін қайғылы оқиғаға байланысты Венгрия парламенті қауіпсіздік комитетінің шұғыл отырысы өтеді.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер