Оралда 123 шетелдік жауапқа тартылды
17.05.2018, 10:18

Оралда 123 шетелдік жауапқа тартылды

Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты жыл басынан бері көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін өңірге келген 123 шетелдік азаматты жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, заң бұзушылардың көпшілігі ішкі істер органдарында тіркелмеген немесе көші-қон картасында көрсетілген мекенжайда тұрмаған. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 517-бабын бұзғаны үшін 3 азамат қамау түріндегі әкімшілік жауапқа тартылса, 76-сы елден шығарылды. 44 адамға 1 487,065 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Соның 1 146,728 мың теңгесі ерікті түрде төленді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер