13 өңірде оқушылардың смартфон ұстауына тыйым салынбақ
27.03.2018, 14:11

13 өңірде оқушылардың смартфон ұстауына тыйым салынбақ

Қазақстанның бірқатар облыстарында оқушыларға смартфондарды ұстауға тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен хабарлады.

«Бірқатар өңірлерде (Алматы қаласында, Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) мектеп оқушыларына тек қарапайым ұялы телефондарды қолдану туралы мәселе қарастырылуда. Бұндай шешім оқушылардың ата-аналарымен келісілгеннен кейін қабылданды», - деп атап өтті комитеттен «ҚазАқпараттың» ресми сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, «Білім туралы» Заңы аясында оқушылар мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті. Ережелерде олардың бұзушылықтары үшін қабылданатын шаралар көрсетілген және әрбір жағдай ата-аналардың (заңды өкілдерінің) қатысуымен жеке педагогикалық кеңестерде қаралады. «Комитет білім беру ұйымдарында планшеттерді және смартфондарды қолдану туралы аталған мәселе мектептердің ішкі тәртіп ережелерімен реттелетіндігін хабарлайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасымен ішкі тәртіп қағидаларын әзірлеп, бекіту жергілікті атқарушы органдардың және сол білім беру ұйымдарының құзыретіне жататындығы бекітілген», - делінген комитет мәліметінде.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер