Көп жігіттердің 8 наурыз жақындағанда «құтылып кету» үшін қолданатын қулықтары
07.03.2018, 09:32

Көп жігіттердің 8 наурыз жақындағанда «құтылып кету» үшін қолданатын қулықтары

8 наурыз бойжеткендер үшін ерекше мейрам болса да, біраз жігіттер үшін бас ауыртар «бәле». Себебі артық шығын. Тіпті, айдың-күннің аманында өз-өздерін зорға асырап жүрген жігіттер үшін көңіл жарастырып жүрген қалыңдығына 8 наурызға сыйлық алуға ақша табу да мұң. Мұндайда бұл жігіттердің қолданатын біраз сылтау-себептері бар. Сонымен ол қандай қулықтар? Кеттік




 
1.Ауылы қалаға жақын болса, қалыңдығына демалыста үйге барып көмектесем деп, ауылға кетіп қалу. Содан бірнеше күн демалыс өткенде бір-ақ оралған жігіт мерекені аузына да алмайды. Өтті, кетті. Сыйлық сұрауға қыз да батпайды.
 
2. 8 наурыз жақындағанда әдейі ұрысып қалу. Мереке немесе қыздың туған күні жақындағанда болмашыдан шу шығарып, болмашыға ренжіп қалып, мереке өткенше хабарсыз кетуді көп жігіт тәжірибеде жиі қолданады.
 
3.Өтірік жол жүріп кету. Жұмыстағы басекелер мен ағалардың ерекше өтініші бойынша көмекке кету. Сиқы, басшылар мен ағалардың  көзі түскендіктен сондай өз шаруаларына қажет болып қалыпты. Қызына айтатыны "қажетіне жарап, жұмысын тындырып беруім керек". Шын мәнінде моншада ма, үйінде ме қайда жатқаны Құдайға аян.
 
4. Өтірік ауырып қалу.  Мереке қарсаңында қалыңдығына телефон шалып, телефонның арғы жағынан мұрнын жиі тартып, ауырып қалғанын айтатындар да аз емес.
 
5.Көлігінің сынып қалуы немесе апатқа ұшырау. Көлігі бар жігіттердің айтатын бірден бір сылтауы «Аварияға ұшырадым, көлігімді автотұраққа қойып тастады немесе МАИ ұстап алды немесе көлігім қатты бұзылып қалып, соны неше күн жөндеумен әуре болдым. Қолым тимеді». Болды осымен, мереке де өтеді, әңгіме де тәмам.
  
Дереккөз: Reactor

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер