Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады
09.02.2018, 09:39

Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады

Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады Atameken.kz

ҚР мен Біріккен Араб Әмірліктері визасыз режим орнатты. Бұл туралы СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп Stan.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады.

Енді екі ел азаматтары 30 күн бойы визасыз сол елде жүре алады.

Келісім 2018 жылғы 10 наурызда күшіне енеді.

“Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өз азаматтары үшін визасыз режим географиясын кеңейту бағытындағы белсенді жұмысын жалғастырады”, – деп жазды Әнуар Жайнақов.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер