Түркияда сол қолмен тамақ жеуге тыйым салынды
07.02.2018, 18:14

Түркияда сол қолмен тамақ жеуге тыйым салынды

Түркия мұсылмандарына сол қолмен тамақ жеп, су ішуге тыйым салынды. Бұл туралы Түркияның Дін істері жөніндегі басқармасы мәлімдеді.

Онда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадисі келтірілген. Хадисте: «Сол қолмен тамақтануды құптамас едім. Өйткені сол қолмен шайтандар тамақтанады» делінген.

Мұсылман ата-аналарға балаларын кішкене күнінен бастап оң қолмен тамақтануға үйретуге кеңес берді. Адамның кемістігі болып, оң қолмен жеуге икемі келмеген жағдайда ғана сол қолмен тамақтануға рұқсат етіледі.

Былтырғы жылы да басқарма ерекше қаулы шығарған. Онда әйелін әпкем не анам деп таныстырған ер адамның әйелімен ажырасқан деп есептелінетіні айтылған.

Сонымен қатар күйеулері телефон не пошта, факс арқылы талақ айтып әйелдерімен ажыраса алатыны айтылған. Ол үшін күйеуі 3 рет талақ сөзін жазуы керек. Ал әйелі бұл сөзді күйеуінің жазғанынына көз жеткізуі керек.

Ислам дінінде адамның оң және сол бөлігіне назар аударылады. Таза заттарды оң қолмен ұстауға, лас заттарды сол қолмен ұстауға мән беріледі. Киімді оң жақтан бастап киюге, мешітке оң аяқпен кіруге негізделеді.

©Stan.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер