Қарағанды облысында айықпас дерт жұққан жылқыларды өртеп жатыр
10.01.2018, 16:06

Қарағанды облысында айықпас дерт жұққан жылқыларды өртеп жатыр

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылында инфекциялық эпизоотикалық лимфангит жұқтырған 15 жылқының көзі жойылатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бұл ауылға Астанадан эпизоотикалық топ келіп, малдарды қайта тексеруден өткізген. Олар бұл індеттен айығу мүмкін емес деген байламға келген. Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылының әкімі Орымбала Дүйсембекованың мәлімдеуінше, мал дәрігерлері келгенге дейін жылқыларды екі апта басқа малдардан оқшау ұстаған.

«Бұл ауру сегіз үй-жайдан анықталды. Ауылда барлығы 175 қора бар. Жұқпалы ауру таралмады. Мал дәрігерлері күн сайын бірнеше жер қораларды аралап, малдарды тексеріп жатыр», - деді ауыл әкімі.

Жылқылардың иелері өтемақы алу үшін ветеринария басқармасына өтініш жазып, малдың төлқұжатын немес басқа да құжатын алып баруы керек. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер