Ингушетияның тұңғыш президенті қазақтың құдасы екен
01.12.2017, 19:42

Ингушетияның тұңғыш президенті қазақтың құдасы екен

Бұл туралы Кеңес Одағының Батыры, Ингушетия елінің тұңғыш президенті Руслан Аушев "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында баяндаған, деп хабарлайды silteme.kz

"Қазақтар бол­­маса біздің жалпы жұрт болып сақ­талуымыз, аман қалуы­мыз қиын еді дегенді біздің құла­ғы­мызға құйып отыратын әке-ше­ше­леріміз. Енді ол сөзді біз өзім­і­здің балаларымыздың, неме­ре­л­еріміздің құлағына құюмен келеміз. Егер сол зарлы заманда, Құдай бетін әрі қыл­сын, әке-шешем аштықтан, ауру­дан немесе құсадан өмірден өтіп кеткенде мына мен 1954 жылы қазақ жерінде дүниеге кел­­мей­тін де едім! Міне, мәселе қай­да. Сондықтан да біздің әр­қай­­­сы­­­мыз­дың қазақтарға, қазақстан­дық­тарға айтар алғысы­мыз бөлекше. Ингуштар үшін Қазақстан өзінің Отанына айналған ерекше мекен. Менің үлкен қызым қазақстандық аза­матқа тұрмысқа шыққанда... Құдамыз" депті қайраткер.

Сондай-ақ, ол: "Айтайын дегенім, менің үлкен қызым қазақ­стандық азаматқа тұрмысқа шыққанда қарындасым: «Лейла, заманның өзгергенін қарашы. Бір кезде аталарымыз Қазақстанға қинала-қинала барған еді, енді біз Қазақстанға қуана-қуана бара жатырмыз!» деген болатын. Міне, көрдіңіз бе? Осының бәрін мен қазақстандықтардың ерекше қалпымен, халықтың сондай қалпын жасап отырған ардақты адаммен – елдің ли­дері Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырамын" деп атап өткен.

Менің үлкен қызым қазақ­стандық азаматқа тұрмысқа шыққанда қарындасым: «Лейла, заманның өзгергенін қарашы. Бір кезде аталарымыз Қазақстанға қинала-қинала барған еді, енді біз Қазақстанға қуана-қуана бара жатырмыз!» деген болатын.

Р.Аушевтің айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы ең бір қиын жылдарда өзінің елін ортақ мақсат жолында біріктіре білген, аса ауыр асулардан аман-есен өткізіп, биік белестерге бастай алды. Қазақстанның табыстары мен жетістіктері, оның басшысының халықаралық аренадағы бағалы бастамалары жан жадыратады, мақтаныш туғызады.

"Бұлай дегенде мен Қазақстан өзімнің туған жерім болғандықтан ғана айтпаймын, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ғылыми негізделген, жан-жақты, терең ойластырылған стратегиясы нақты нәтиже беріп отырғанын өз көзіммен көріп жүргендіктен айтамын" деп баға берген ингуштың тұңғыш президенті.  

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер