Астана тұрғындарының жұмыс уақыты өзгереді
28.04.2017, 18:12

Астана тұрғындарының жұмыс уақыты өзгереді

Астана әкімдігі таңертеңгі уақытта қала жолдарында ұзын-сонар кептелісті болдырмас үшін жұмыстың басталу кестесін өзгерту бойынша жоспар әзірлеп жатыр, деп xабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы бүгін Сенатта өткен үкімет сағатында елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді.
 “Біз қазір бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Шамамен 2-3 апта ішінде тұрғындардың барлық санаты үшін жұмыстың басталу уақытын өзгертуге қатысты шешім қабылдаймыз. Яғни, жолдағы кептелісті азайтуға тырысамыз, сағат таңғы 8-9-да бүкіл қала біруақытта жұмысқа шықпас үшін уақытты өзгертпекпіз”-деді әкім орынбасары.

Естеріңізде болса, мұндай мәселе бір жылдан бері айтылып келеді. 2015 жылы Астанадағы кептілісті азайту үшін "Астана ЛРТ" ЖШС басшысы да осындай ұсыныс айтқан болатын.

   Нұргүл Әубәкірова

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер