Су басу қаупі бар аумақта тұрып жатқан астаналықтардың тізімі жасалды
27.04.2017, 11:16

Су басу қаупі бар аумақта тұрып жатқан астаналықтардың тізімі жасалды

Тасқын су ағынының көбеюіне байланысты елордада газ аппаратура зауытының аумағында және ағыс бойынша төмен аймақтарды су басу қаупі туындады, деп хабарлады Астана әкімінің ресми сайты.

Су басу қаупі пайда болғанын ескере отырып, Департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы орган, жергілікті полиция қызметі және ұлттық ұланмен өзара тығыз әрекет ету арқылы су басуы ықтимал аймаққа жатқызылған объектілер мен тұрғын үйлерде жадынама мен хабарламалар тарата отырып, аула аралау жұмыстарын жүргізуде. Тиісті жұмыстар барысында тұрып жатқандар саны нақтыланып, тізім жасалады.

Бүгінгі күні «КЖБИ» с/қ, мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлер салу, ЛПУ, Мехток, қарттар үйі ауданы және Газмашаппаратура ауданында өзеннің жаңа арнасының бойымен 10 560 метрлік қашықтықта жаға сызығын бекіту жұмыстары жүргізілді. 20 мың қап құм әзірленіп, 3830 метрге төселді.

Су тасқынының алдын алуда 1110 текше метр инертті материалдар және 20 мың дана қап дайындалды. Есіл өзенінің жағажайын бекітуге барлығы 297 адам және 141 дана инженерлік және қосымша техника тартылды. Қаладағы жағдай тұрақты және бақылануда.

Дерек көзі: inform.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер