12 әншіге бір-бір зәулім үйден алып берген...
17.04.2017, 13:59

12 әншіге бір-бір зәулім үйден алып берген...

Танымал сазгер Қалдыбек Құрманәлі бақуатты кісінің көңілдесі болып жүрген эстрададағы әнші қыздар туралы шындықты жайып салды, деп хабарлайды gu-gu.kz.

Оның айтуынша, жақын танысы қазақ шоу бизнесіндегі 12 әншіге бір-бір зәулім үйден алып берген.

Бұл туралы ол «Хабар» арнасындағы «Біздің үй» бағдарламасында айтты.

Бағдарлама барысында өзінің әкесіндей адамға көңілдес болудан қашпайтын, керісінше соған ұмтылатын қыздар туралы да сөз қозғалды.

Осыған қатысты эфирге қонақ ретінде шақырылған сазгер ондай қыздар журналистер арасында да, әншілер мен ел алдында жүрген қыздар арасында да жетіп артылатынын тілге тиек етті.

«12 әншіге Алматыдан бір-бір коттеджден алып берген кісіні танимын. Ол қыздардың барлығы қазақ эстрадасында ел алдында жүргендер», – деп ашық айтты ол.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер