Кәсіпкер павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлады
21.02.2017, 12:10

Кәсіпкер павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлады

«Павлодар-Астана» тас жолында 18 бала мен 4 тәрбиешінің өміріне араша түскен Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовке жекеменшік компаниялардың бірі 5 млн теңгеден тарту етті, деп хабарлайды Baq.kz.

 Бүгінгі күннің батырларының ерлігін «Алмател» телекоммуникациялық компаниясы еледі. Кәсіпорын өкілдері Мұрат Нұрсейітов ем қабылдап жатқан ауруханаға келіп, туған-туысқандарымен жолықты. Мұрат Нұсейітовтің жұбайы Әсел Нұрсейітова ақшалай сыйлық күтпеген жағдай болғанын жасырмады.

«Әрине, ерлеріміздің батыл әрекетін елеп, қаржылай көмек көрсетілетінін күтпеген едік. Мәселе онда емес қой. Ең бастысы, жолдасым жазылып, үйге оралса игі», - дейді Әсел Нұрсейітова.

«Бүгінгі күннің батырларын ұмытпау керекпіз. Олар бастарын қатерге тігіп, ұл-қыздардың өмірін сақтады. Менің ұлтым – голландық. Қазақстанда еңбек етіп жатқаныма көп уақыт болған жоқ. Мен полицейлердің ерлігіне сүйсіндім, жерлестеріме алғыс білдіремін», - деді «Алмател» АҚ-ның бас директоры Эрик Франке.

Айта кетейік, өңірдегі ІІД-нің басшылығы қос тәртіп сақшысын мемлекеттік марапатқа ұсынды.

Еске сала кетсек, жолдағы оқыс жағдай «Павлодар-Астана» тас жолында, Спутник және Пограничник ауылдарының арасында орын алды. 18 оқушы мен 4 тәрбиеші отырған автобус Баянауыл ауданынан Павлодарда өтетін спорттық жарысқа келе жатқан. Кенеттен КамАЗ көлігі жолдың қарсы бетіне шыққан. Полицейлер қырағылық танытып, балаларды аман сақтап қалу үшін қатты соққыны өздеріне алды. Салдарынан тәртіп сақшысының бірі ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.

Ақмаржан ӘДІЛБЕК

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер