Қарағанды облысында үш елді мекеннің тұрғындары басқа жерге қоныс аударылады
17.02.2017, 20:47

Қарағанды облысында үш елді мекеннің тұрғындары басқа жерге қоныс аударылады

Қарағанды облысында үш елді мекеннің тұрғындары басқа жерге қоныс аударылады Жібек Мұқашева

Сәтбаевта мыс кен орындарын қайта өңдеу барысында опырылып түскен аумақтардың тұрғындарын көшіруге арналған 25 тұрғын үй салынбақ, деп хабарлайды Baq.kz.

Весовая, Крестовский және Перевалка кенттерінің тұрғындары осы үйлерге жерге көшіріледі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков халықпен есеп беру кездесуінде мәлім етті. Тұрғындарды көшіру Жезқазған аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында жүргізіледі.

«Бүгінде 859 отбасын баспанамен қамту үшін 39 тұрғын үй салынып, 6 пәтер сатып алынды. Сондай-ақ, 1150 отбасыға арналған жалпы ауданы 78 мың шаршы метрлік бес қабатты 25 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. Сәтбаев қаласының кешенді даму жоспарына сәйкес, үш кенттің тұрғындары «Нұрлы мекен» жаңа мөлтек ауданына көшіріледі. Ал, оларға тиесілі жер телімдері пайдалы қазбалар өндіру мақсатында мемлекеттің қарамағына өтеді», - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Қазақстан Республикасының Үкіметімен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бойынша жаңа бағдарлама бекітілген. Онда «Нұрлы жол» және Өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында қарастырылған тұрғын үй құрылысы біріктірілген.

«Облыста «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру үшін 1,5 млрд. теңге бөлінді. 19 мың шаршы метр баспана салу жоспарланған. Кезекте тұрған 336 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілмек. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін кредиттік тұрғын үй құрылысы жалғасады. Бүгінде мұндай баспана салудың 11 жобасы бар», - деді аймақ басшысы.

Жалпы, облыс бойынша 2017 жылы жалпы ауданы 304 мың шаршы метрді құрайтын жаңа үйлер салу көзделген.

Жібек МҰҚАШЕВА

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер