Ақпарат саласы өкілдері діни ақпаратты таратудағы жауапкершілікті түсінгені жөн – Е.Масанов
29.12.2016, 13:36

Ақпарат саласы өкілдері діни ақпаратты таратудағы жауапкершілікті түсінгені жөн – Е.Масанов

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері, ҚазБСҚА ассоциациялаған профессор Еркін Масанов silteme.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында медиа өкілдерінің дін саласын жариялауы мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Жасыратыны жоқ, техногендік өркениеттің ақпараттық тасқыны «медианы» адамзат діни көзқарасына ықпал ететін алып күшке айналдырды. Бұл ретте бүгінгі қоғамдағы көкейкесті мәселенің бірі – еліміздің мәдени және діни саясаттағы негізгі бағыт-бағдарын айқындап көрсету. «Медиа» әлемнің қоғамға қажетті сұраныстарына байланысты мәліметтер тарату барысында жағымды және жағымсыз ықпал етуде. Сондықтан да, «медиақауіпсіздік» мемлекет тарапынан ғылыми тұрғыда талданып, ақпараттық қауіпсіздік орнату мақсатында, оның ішінде әлеуметтік-діни қайшылықтарға алып келетін себеп-салдардың алдын алу үшін аса маңызды», - деді ол.

«Сондықтан, БАҚ арқылы таралып жатқан діни ақпаратты сауатты талдай алатын медиабілімін жоғарылататын білім беру маңыздылығы арта түседі. Ақпараттық қоғамдағы электронды-технологиялардың дамуы, халық арасында адамның ішкі «сүзгісін» дамыту үшін алдымен сыртқы сүзгіні жетілдіру іс-шаралары қажеттілігі туындап тұр», - деп атап өтті Е.Масанов.

Ғалымның айтуынша, бүгінгі күндегі, бір мезеттік, бір сәттік ақпараттарға діни институттар мен ғылыми орталықтар тығыз және шұғыл сараптама жасауына, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін сақтау мақсатында діни ақпараттардың ақ-қарасын ажыратып беретін мамандардың жауапкершілігін арттырумен өзара байланысты.

«Мемлекет пен халықты, адам мен адамды, әлем мен елді байланыстыратын медиа саласындағы қызметкерлердің халық арасында діни ақпаратты таратуға келгенде жауапкершілігін түсінген жөн», - деп түйіндеді Е.Масанов.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер