Показать содержимое по тегу: жаңа жүйе
Мемлекеттік қызметшілер еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі пилоттық жоба ретінде күшіне еніп, алғашқы нәтижелерін көрсетуде.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде бос лауазымдарға орналасуға үміткерлердің саны едәуір артты. Бұл мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесін пилоттық жоба ретінде енгізумен тікелей байланысты, деп хабарлайды silteme.kz АА.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұстаздардың жалақысы 30 пайызға артты. Білім саласындағы жаңартылған бағдарламасы аясында орын алып отырған жаңалық әзірге 1,2,5,7 сыныптың оқытушыларына ғана қатысты. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен барлық сынып мұғалімдерінің еңбекақылары жоғарылайтын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Білім басқармасының басшысы И.Сағындықов мәлімдеді, - деп ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Әділет министрлігінде, Астана және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерінде пилоттық режимде әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы берудің жаңа жүйесі енгізілді, - деп жазды bnews.kz.