И.Тасмағамбетов «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық бойынша мәжіліс өткізді
17.10.2016, 11:51

И.Тасмағамбетов «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық бойынша мәжіліс өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне даярлық және оны өткізу мәселелері бойынша мәжіліс өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Астанада өтетін көрменің маңыздылығын айта келе, Тасмағамбетов «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру және өткізу тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктерін және елорданың келбетін паш ету тиіс екендігін баса айтты. Осыған орай, шараны өткізуге және қонақтарды қабылдауға елорда инфрақұрылымының дайындығын қамтамасыз ету, сондай ақ, көрме қонақтары және қатысушыларының қауіпсіздігі, олардың қызықты әрі барынша жайлы орналасуы үшін бүкіл шаралар қабылдануы қажет.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігіне Астана қаласының әкімдігімен және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бірлесіп көрме өтетін кезеңдегі мәдени бағдарламаны ұйымдастыру мәселелері жөніндегі үйлесімді жұмысты күшейту қажет. Сонымен қатар, делегаттар мен қонақтардың келуі бойынша ұйымдастырушылық сұрақтардың орындалуын қамтамасыз ету маңызды» - деп ерекше атап өтті Иманғали Тасмағамбетов.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігімен,«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бірлесіп арнайы кешенді бағдарлама әзірледі. Ол әртүрлі жанрлық бағыттағы мәдени іс шаралар өткізуді қарастырады. Атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі өнерін көрсету, театрлық-бұқаралық шаралар, халықаралық жобалар, көрмелер, спорттық және ағартушылық-тақырыптық шаралар.

Вице-премьер атап көрсеткендей, қалалық құрылымдар алдында жоғары деңгейде қызмет көрсету мәселесі тұр. Ұйымдастыру жұмысы аясында ЭКСПО көрмесі нысандарының, жалпы Астана қаласындағы транспорттық инфрақұрылымның қалыпты қызметі мәселесі байыппен шешуді қажет етеді. Көлік-логистикалық жүйені жетілдіру, қоғамдық көліктің бағдарлық желісін оңтайландыру, көлік тығынын басқарудың жаңа жүйесін енгізу жұмысына ерекше көңіл бөлінуі қажет.

Бұл орайда, мәжіліс барысында вице-премьер бірқатар тапсырмалар берді. Астана қаласының әкіміне жұмыс штабымен бірлесіп елорданың инженерлік-көліктік инфрақұрылымын егжей-тегжейлі зерделеу тапсырылды. Дәлірек айтқанда, жолды түсірудегі көлік тығынын модельдеу бойынша қолайлы таңдауды есептеу, қонақтардың келу және олардың қауіпсіз орналасуы бойынша ұйымдастырушылық сұрақтарды пысықтау, сондай-ақ, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету.

Осындай ауқымды шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына және жаңа технологияларды меңгеруге айрықша серпін беретіні анық.

Көрме елорданың инфрақұрылымы мен нысандарының құрылысына жеке инвестиция тартуға ықпал етеді.«ЭКСПО-2017» ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуға оң әсер ететін еліміздің туристік тартымдылығын көтеруге бағытталған имидждік жоба.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер