«Зорлық- зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаштан бастау алды
06.04.2018, 08:56

«Зорлық- зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаштан бастау алды

«Зорлық- зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаштан бастау алды «Зорлық- зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы

Оңтүстік Қазақстан облысында жарияланған «Зорлық- зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаш ауданында бастау алды. Мақсаты оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық нені білдіретінін түсіндіріп, отбасындағы бала тәрбиесі туралы кеңінен насихаттау, деп хабарлайды silteme.kz AA

 Облыс әкімінің бастамасымен жарияланған «Зорлық- зомбылықсыз Оңтүстік» акциясына сарыағаштық 600 оқушы қатысты. Аталған іс- шараға ауыл ардагерлері, ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Онда ауыл ақсақалдары тəрбие - тал бесіктен басталатынын айтып, елді ынтымаққа жəне баланы дұрыс тəрбилеуге шақырды. Сонымен қатар, əр мектеп ұжымдарының ерікті үйірме мүшелері «Зорлық- зомбылыққа жол жоқ» ұраны негізінде «Асфальтқа сурет салу», «Арқан тарту», «Асық ойыны», «Шахмат» жəне «Тоғызқұмалақ» ойыны түрлерінен өзара сайысқа түсті.

Осы күні аталған шара Қазығұрт ауданында жалғасын тапты. Онда оқушылар жаппай «Қара жорға» биімен флешмоб ұйымдастырса, ауыл балаларынан құралған «Хор» ұжымы өнер көрсетіп, «Тир ату», «Волейбол» жəне жүлделі «Қазығұрт» бишілер тобының оқушы құрамы концерт қойды.

Еске салсақ, Наурыз мерекесі қарсаңында аймақ басшысы өңір зиялыларымен кездесіп, «Зорлық-зомбылықсыз – Оңтүстік» акциясын бастауды ұсынған болатын. Онда өңір басшысы акция аясында барша аудан, қала әкімдіктеріне зорлық-зомбылықтың, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Аға буын, зиялы қауым өкілдерін де осы бастамаға қолдау көрсетіп, белсенді жұмыс істеуге шақырған ды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер