Биылғы жылы қажылығын өтеген шетелдіктердің 54,6%-ын ерлер, 45,4%-ын әйелдер құраған. Шетел қажыларының басым бөлігі, 94%-ы – әуе арқылы, 5%-ы көлік құралдарымен және 1% теңіз көлігімен келген. Ал, биылғы қажылардың жалпы саны кемінде соңғы 10 жылда ең төмен көрсеткіш екен. Мәселен, 2007-жылы 1,7 миллионнан аса шетел қажылары мен 746 511 саудиялық тұрғындар, жалпы саны 2,4 млн адам қажылық жасаса, биыл шетел қажыларының саны 1 325 372 адамды, жергілікті қажылар саны 537 537 адамды, барлығы 1,9 миллион қажыны құрады. 2012-жылы қажылар саны 3 миллионнан асты – бұл қажылықтың соңғы он жылдық тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіші болған.
Биылғы қажылар саны – соңғы онжылдық бойынша ең төменгі көрсеткіш
Сауд Арабиясы Статистика ведомствосы биылғы қажылық бойынша соңғы қорытынды деректі жариялады деп хабарлайды old.muftyat.kz.