Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету жүйесін дамытуға шақырды
18.03.2018ж.

Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету жүйесін дамытуға шақырды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету және хоспистер жүйесін дамытуға шақырды. Бұл туралы министр ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Нұрлан Ермекбаев VII Азаматтық форумның ұсынымдарын орындау шеңберінде мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасауы түрлі салаларда кең ауқымды мәселелерді қамтитынын атап өтті.

«Бұл ретте, біз халықты алаңдататын өзекті мәселелерге мониторинг жүргізіп отырамыз және бізге түрлі өтініштер келіп түседі. Тұрғындардың көпшілігі үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету және хоспистер жүйесінің дамытуға белсенді қатысуы жөнініде тілек білдіреді. Бұл бірінші кезекте онкологиялық науқастарға, қарт адамдарға қатысты көмек», - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні уәкілетті мемлекеттік орган елімізде тиісті жұмыстарды жүргізеді, атап айтқанда паллиативтік медициналық көмек көрсетуді дамыту бойынша қысқа мерзімді жол картасын әзірлеген.

Бұл орайда, министр мемлекеттік органдарды паллиативтік көмек көрсету, өңірлердегі хоспистер жұмысын дамыту үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалануға назар аудартты.

Естеріңізге сала кетейік, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесіне қатысушылар VII Азаматтық форумының ұсынымдарын жүзеге асыру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы белсенділігін талқылаған болатын.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер