Нұрлан Ермекбаев: Діннен рухани, моральдық, этикалық құндылықтарды алуымыз керек
02.03.2018, 21:14

Нұрлан Ермекбаев: Діннен рухани, моральдық, этикалық құндылықтарды алуымыз керек

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Еуразия мұсылмандары ғұламаларының форумы өтті, деп хабарлайды silteme.kz.

Халықаралық форумның мақсаты - Орталық Азияның тарихи діни мектебін дәріптеу арқылы діни сауаттылықты арттыру, Еуразия елдерінің ортақ пәтуалар базасын қалыптастыру, діни экстремизмнің кез-келген көрінісіне қарсы иммунитетті қалыптастыру, сондай-ақ  2018 жылы Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті съезіне ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Форумға қатысушылар алдында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев құттықтау сөз сөйледі.

«Ислам діні татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні екенін әрдайым өз ісімен көрсетіп келеді.  Бізге осы мұраны сақтап қалу өте маңызды. Халыққа діннің дәстүрлі қағидаларын дұрыс түсіндіру үшін Құран мен хадистерге негізделген білікті ғұламалар мен имамдарды жұмылдырып, бізге жеткен бай мұраларымызды қайта жаңғырту үшін жұмыс жасауымыз керек деп санаймын. Діннен, ең алдымен, рухани, моральдық, этикалық құндылықтарды алуымыз керек»-деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Форум жұмысына ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти - Серікбай қажы Ораз, Еуропа мен Орталық Азияның 21 елінен 35 делегат, атап айтқанда бас муфтилер, діни қайраткерлер, ислам ұйымдары мен одақтарының көшбасшылары, зиялы қауым өкілдері, жазушылар, теолог-ғалымдар, облыстардың бас имамдары  қатысуда.

Форум қорытындысы бойынша «Бүгінгі мұсылман келбеті» құжаты қабылданып, форум қатысушыларының Қарары жарияланады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер