Бауыржан Байбек Бас мүфтимен кездесті
09.01.2018, 14:14

Бауыржан Байбек Бас мүфтимен кездесті

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жуырда ғана сайланған бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай Оразбен кездесті, деп хабарлайды silteme.kz АА almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Муфти «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалада іске асырылатын жобалармен қатар жастар жұмысына да  барынша көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Басты мақсат мәдени рухани және діни құндылықтарды құрметтейтін өз елінің  патриотығып тәрбиелеу.

Алматыда 49 мешіт және діни білім беретін 3 жоғары оқу орны бар. Өткен жылы Орталық мешіт пен «Нұр-Мүбәрәк» ислам университетінде түнгі  жарық шамдар орнатылды. Алатау ауданында 7 мың адамға шақталған мешіт құрылысы жүргізіліп жатыр. Қаладағы Орталық мешітте садақа беремін деушілер үшін электронды терминалдар орнатылды.

Жаңашылдықтың басты мақсаты түсетін қаржының ашықтығын қамтамасыз ету. Ал қамқоршылардан қанша қаржы түскенін діни басқарманың  ресми сайтынан білуге болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер