Нұрлан Ермекбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Толеранттылық министрімен кездесті
13.12.2017, 16:36

Нұрлан Ермекбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Толеранттылық министрімен кездесті

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің Толеранттылық министрі Шейх Нахаян бен Мубарак Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды silteme.kz.

Кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев дін саласында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясат туралы баяндап, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атады.

Қазақстан мен БАӘ көп жақты алаңдарда, соның ішінде БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), ИЫҰ (Ислам ынтымақтастық ұйымы), АӨСШК-термен (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес) тиімді ынтымақтастық орнатып, өзекті халықаралық мәселелерді шешуде бірлесіп әрекет етуді үйлестіруде.  

Нұрлан Ермекбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Толеранттылық министрі Шейх Нахаян бен Мубарак Әл Нахаянды 2018 жылы 10-11 қазанда Астанада жоспарланған VI Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезіне қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, Н. Ермекбаев Әбу-Дабидегі ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен өткен ҚР Тәуелсіздігі күні және Қазақстан мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына арналған ресми қабылдауға қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Абу-Дабиде өткен мұсылман қоғамында бейбітшілікті нығайту бойынша «Әлемдік бейбітшілік және Исламофобия» тақырыбындағы IV халықаралық форумға қатысты.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер