Жуырда фотограф, блогер Максим Рожин Үкімет басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовке табиғатты қорғауға байланысты қабылданған шешімдерге қатысты мынадай төрт сұрақ жолдаған болатын.
Показать содержимое по тегу: АМырзахметов
Вице-Премьер – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды mgov.kz.
Бүгін Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды деп хабарлайды mgov.kz.
Жұмыс сапарының барысында “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асу барысымен танысты.
Елбасы агроөнеркәсіптік кешен экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс деп тапсырма берсе, соның негізінде Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Аталған бағдарламада әкімдіктер үшін әр жылға нақты индикаторлар белгіленген. Жұмыс сапарының басты мақсаты қойылған индикаторларды талқылау және орындалу барысын бақылау болып табылады.
Жаңа бағдарламаға сәйкес ішкі нарықты отандық өніммен толықтыру, қайта өңдейтін және құрама жем кәсіпорындарының жүктемелігін арттыру, мал шаруашылығындағы жемшөп базасын нығайту мақсатында егістік жерлерді әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда Ақмола облысындағы 6 май өңдейтін зауыттардың жүктемелігі – 30%, ал құрама жем зауыттарының жүктемелігі 56% құрап отыр.
Сондықтан, зауыттардың жүктемелігін арттыру мақсатында 2021 жылға қарай майлы дақылдар алқабын 380 мың га, мал азығы дақылдарын 490 мың га, арпаны 670 мың га арттыру жоспарлануда. Ал бидай алқабын 680 мың га қысқарту көзделуде.
2017 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын 5,1 млн га аумаққа егу жоспарлап отыр.
Кооперативтерге қолдау білдіру үшін мемлекет тарапынан барлық шаралар қарастырылған, мысалы: құрал-жабдықтар бағасын 50% арзандату, жем-шөпке субсидия беру, өндірілген және өңдеуге тапсырылған өнімдерді субсидиялау, жеке қосалқы шаруашылықтарға төмен пайызды несие қарастыру және т.б.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды белсенді жүргізу мақсатында, Министрлік тарапынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы лизингке берілетін сүт қабылдау және мал бордақылау пункттерін алғашқы жарнасыз құрудың сызбасы жасалды. Алғашқы жарна ретінде жалпы құнынан 50% көлемінде бөлінген инвестициялық субсидияны пайдалану көзделуде. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан кооперативтерге тапсырылған 1 литр сүт үшін 10 теңге субсидия берілмек. Әрбір мүйізді ірі қара үшін 20 мың теңге және ұсақ малдарға 1500 теңге көлемінде субсидия беру қарастырылған.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірімізге арнайы іс-сапармен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін салтанатты түрде тақты, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгін ауыл шаруашылығы министрлігінде кеңейтілген Алқа мәжілісі өткізілді. Вице-премьер-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов төрағалық еткен жиынға, еліміздің барлық аймағынан тауарөндірушілер, облыс әкімдерінің орынбасарлары және салалық одақ мүшелері мен қоғамдық кеңес өкілдері қатысты. Ведомство жетекшісі Елбасы және Үкімет басшысы атынан барлық Ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен ауыл халқын төл мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13