Оғыз Доған есімі, әсіресе, соңғы "Қазкоммерцбанк" бөлімшесінде болған оқиғадан кейін көпшілік жадында қайта жаңғырды. Астанадағы "Қазкоммерцбанк" бөлімшесінде өзі қалаған тілде қызмет алмаған Оғыз Доғанның әрекеті әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған еді. Бұдан кейін жұртшылық Оғыз Доғанның "Air Astana" компаниясымен соттасқан сәтін еске алды. 2017 жылы "Air Astana" компаниясының ұшағында да өзі қалаған тілде қызмет алмағанын айтқан Оғыз мырза әуекомпаниясын сотқа беріп, сотта жеңіп шыққан еді. Бірі Оғыздың бұндай әрекеттерін жақтайды, бірі даттайды. Сын-пікір ағыны әлі толастар емес.
Показать содержимое по тегу: Оғыз Доған
Qazkom банкі мемлекеттік тілде қызмет көрсету бойынша қоғам ішінде үлкен дау тудырған мәселеге байланысты видеоүндеу жариялады.
Қазақстандық компания бола тұрып, қазақ азаматтарына Ресей тілінде сөйлеп, заңды бұзумен аты шыққан «Эйр Астанаға» қарсы сот жалғасын табуда.