Электронды қызмет сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді
22.01.2018, 18:01

Электронды қызмет сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Былтырғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 26 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 2 миллионнан астамы қағаз жүзінде іске асырылды. Бұл туралы Шымкент қаласында өткен оқу семинарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.

Семинардың мақсаты – халықты мемлекеттік корпорация және электрондық түрде қызмет алуға шақырып, ондағы жаңа дағдыларға үйрету. Шараға облыстың аудан, қала әкімдері бастаған мемлекеттік қызметшілері, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімше басшылары мен жоғары оқу орындарының оқытушылық құрамы қатысты.

Жиында сөз алған департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептердің біріне тоқталды.

«Халыққа қызмет көрсетуде мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтардың тікелей жолығуы көбінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына себеп болып жатады. Осындай тікелей байланыстан кеңсеге түскен өтініштердің орындалу мерзімінің бұзылуы, қосымша құжаттардың сұратылуы сияқты әкімшілік кедергілер туындауы мүмкін. Сондықтан бүгінгі семинарымыздың көтеріп отырған тақырыбы ауқымды», - деді Әли Амантайұлы.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 16-17 қаңтар күндері 3 кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар үшін мастер-класстар өткізілді. Қазіргі таңда департамент тарапынан электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу тәсілдерін үйрететін бейнероликтер әзірленіп, облыстың барлық мемлекеттік қызметкерлерінің компьютерлеріне енгізілген.

Сондай-ақ, мыңдаған брошюролар мен инфаграфикалар квази мемлекеттік мекемелеріне, құқық қорғау органдарына, облыстың барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен жоғары оқу орындарына таратылған. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер