Шаңғышы Полторанин журналиске айтқан балағат сөзі үшін ақталды
08.01.2018, 19:35

Шаңғышы Полторанин журналиске айтқан балағат сөзі үшін ақталды

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин “Тур де Ски” көпкүндігінің Италиядағы Валь-ди-Фьемме аймағында өткен масс-старт кезеңінде журналиске балағат сөз айтып, ұятқа қалған болатын. Көп ұзамай Insagram-парақшасына спортшы өзін ақтап пост жазды, деп хабарлайды sn.kz порталына сілтемемен silteme.kz АА.

«Аздап күліп алыңыздар. Шын айтамын, мен әдейі айтқан жоқпын», – деп спортшы жеңісінен кейінгі видеосымен бөлісті.

Айта кетейік, Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында өтіп жатқан шаңғыдан «Тур де Ски» турнирінде ерлер арасындағы масс старт бәсекесіндегі 15 шақырымдық классикалық жүгіру жарысында қазақстандық шаңғышы Алексей Полтаранин жеңімпаз атанған болатын. Отандасымыз жарыстан соң тікелей эфирде халықаралық шаңғы спорты федерациясының тілшісіне балағат сөз айтып ұятқа қалған еді.

Алексей Полтаранин 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласында дүниеге келген. Ол шаңғы спортынан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. А.Полтаранин 2006, 2010 және 2014 жылдары қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер