Показать содержимое по тегу: денсаулық медицина
Жақында өткен парламенттік тыңдауда еліміздің онкологтары ет пен тұзды көп пайдаланудың зияны туралы айтты. Бұл дәстүрлі тамақ мәдениетінен бас тарта алмайтын адамдар «құлаққа ілмейтін» ескерту. Дегенмен… Америкада темекі шегумен күрестің арқасында 20 жылда өкпе рагынан өлетіндер саны 30 процентке төмендеген. Ал ет жеуді азайту ішек рагына ұшырауды азайтады.
Жер жаңғағын көп мөлшерде тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу мүмкіндігін төмендетеді. Оның ішінде, әсересе, аритмияның кең таралған түрі – жүрек алды фибриляциясының алдын алады.
Қазіргі таңда ядролық медицинамен бұл мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік бар. Израильдің белгілі профессоры София Ланцберг осылай дейді. Шетелдік маман отандық ғалымдарға шеберлік сағатын өткізіп, саладағы жаңа зерттеу нәтижелерімен бөлісті.