Показать содержимое по тегу: Тәуелсіздік күні
Аштықта жеген құйқаның дәмі кетпес деген аталы сөз бар. Ұлы күреспен келген тәуелсіздік біз үшін қашан да қымбат. Тәуелсіздік – азаттықты аңсаған адам үшін қасиетті ұғым, қастерлі сөз. Еркіндіктің қадірін бодандықта болған адам біледі емес пе?
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда «100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесу өткізгеніне ерекше тоқталып, Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы азаматтар екенін атап өтті, деп хабарлайды akorda.kz.
– Бұлардың ұстанатын өмірлік қағидасы – мемлекеттен талап ете бермей, оған өзінің идеяларын, шығармашылық энергиясын, қажырлы еңбегін арнау. Міне, біз қол жеткізген табыстың нағыз шынайы манифесі – осы! Тәуелсіздіктің ұрпағы да – осылар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, ол озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін сан жағынан өсуден сапалық өзгерістерге көшудің маңызды талап екенін айқындап берді.
– Қазақстанды қалыптасқан мемлекет ретінде нығайтып, біз бүкілін қамтитын жаңғыруға, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тұрпатын жасауға кірістік. Сол үшін саяси, экономикалық және рухани жаңғыру үдерісін бастап кеттік, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда жиынға қатысушыларды және Қазақстан халқын ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы akorda.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі Ержан Тәліп өзінің фэйсбук парақшасында Желтоқсан оқиғасына қатысты "атақты" тарихи суретке Колбиннің кезінде не дегенін жариялады, деп хабарлайды silteme.kz.
Google мәліметтерді іздеу жүйесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінен орай логотипін өзгертті, деп хабарлайды egemen.kz.